Ресейлік миллиардер және USM холдингінің негізін қалаушы Әлішер Османов Германияның Федералды сотына Еуроодақ кеңесіне қарсы шағым түсірді, хабарлайды ZontNews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Ол ұйымды жала жапты деп айыптады. Айыптаулар бизнесменнің Владимир Путинге жақындығы туралы мәлімдемелерге негізделген. Осы деректер бойынша ЕО оған санкциялар енгізгенін
Османовтың адвокаты Йоахим Штайнхефельдің айтуынша, шектеу шараларын дайындау кезінде кейін сот шешімімен түзетілген немесе мүлдем жойылған материалдар пайдаланылған.
Мәселен, Гамбург соты Forbes басылымындағы Османовтың «Путиннің бизнес мәселелерін шешкені» туралы мәліметті негізсіз деп таныды. Сондай-ақ австриялық Kurier газеті жариялаған «Ресей президентінің сүйікті олигархы» деген сөз тіркесі де жоққа шығарылды.
Қорғаушы тараптың мәліметінше, Османовтың заңгерлері Еуропа БАҚ-ында жарияланған осындай жүзден астам материалды түзетуге немесе жоюға қол жеткізген.