Әли Әлиев отставкаға кетеді

Фото: kff_team

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кетуге әзір екенін мәлімдеді, деп жазады ZontNews.kz.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында ол нәтиже үшін толық жауап беретінін айтты.

«Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Отставкаға арыз жазамын», – деді Алиев.

Әлиевтің басқаруымен Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырап, бес ойында үш ұпай ғана жинады. Құрама қазір J тобында төртінші орында тұр.

J тобының турнирлік кестесі:

  • Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
  • Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
  • Уэльс – 10 ұпай (3 матч)
  • Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
  • Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *