Алматыда 68 жастағы Светлана Суходольская 25 миллион теңгесінен айырылды. Қылмыстық іс қазір қаланың мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп жазады ZontNews.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар зейнеткерді екі пәтерін сатып, ақшаны делдалға беруге көндірген.
Сот алдында Қырғызстан азаматы, 20 жастағы курьер жауап беруде. Ол қаражатты алаяқтардың тапсырмасымен жеткізіп, 500 мың теңге алған. Кейін жасырынғанымен, енді «алаяқтыққа қатысы бар» және «қылмысқа көмектесті» деген айып тағылып отыр.
Бұл істің тағы бір қыры – пәтерді сатып алғандар жаңа баспанасына кіре алмай жүр. Себебі жылжымайтын мүлікке сот тыйым салған. Ал сот әлі де өзін арнайы қызмет өкілі ретінде бейнеқоңырау арқылы сөйлескен адамның кім екенін анықтауы қажет.