ҰҚК қармағына ілінген вице-министр Сәтжан Әблалиев қызметінен босатылды

Сәтжан Әблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп жазады ZontNews.kz.

Ол 4 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан ұсталған. Әблалиевке пара алды деп күдікке алынды.

Көлік министрлігінің ресми сайтындағы «Құрылым» бөлімінен оның аты-жөні алынып тасталды.

Ресми мәліметке сәйкес, тергеу барысында шенеуніктің үйі мен жұмыс орнында тінту жүргізілген. ҰҚК жариялаған жедел видеода оның үйінен едәуір көлемде қолма-қол ақша табылғаны көрсетілген. Ақшаның бір бөлігі ваза ішінен алынған.

Сәтжан Әблалиев 2023 жылғы қазан айынан бері көлік вице-министрі қызметін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *