ҰҚК шетелге қашқан адвокатты Астанаға қайтарды

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Интерполмен бірлесе отырып, халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы адвокатты Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

11 қазанда ҰҚК мен ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросы шетелде жасырынып жүрген елордалық адвокаттар алқасының бұрынғы мүшесін Қазақстанға экстрадициялады.

Тергеу мәліметінше, ол аса ірі көлемде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері құқық қорғау органдарынан жасырынған.

Қазір күдікті тергеу изоляторында ұсталып отыр. Қылмыстық іс материалдарына қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *