Көлік министрінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп жазады ZontNews.kz.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, күдікті — 2023 жылдың қазанынан бері вице-министр қызметін атқарып жүрген Сәтжан Аблалиев. Жарияланған жедел түсірілімде оның үйінен көп мөлшерде қолма-қол ақша табылғаны көрініс тапқан. Сондай-ақ оның жұмыс орны да тінтуге алынған.