«Құпия қоңырау»: Премьер-министр үкімет отырысы кезінде кенеттен залдан шығып кетті

Фото: Видеодан кадр

Үкімет отырысының басында премьер-министр Олжас Бектеновке күтпеген жерден қоңырау шалынды. Осы сәттен кейін ол залдан асығыс шығып кетті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бектенов жаңа оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы ант қабылдауға шақырған еді. Алайда Сүлейменова Қазақстан халқына және президентке адал қызмет етуге ант беріп жатқан кезде, премьер-министрдің орны бос қалды.

Министрлер арасында аз уақыт үнсіздік орнап, отырыс біраз кідірді. Кейін жиынды бірінші вице-премьер Роман Скляр жалғастырып, сөз кезегін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға берді.

Премьер-министрдің шұғыл кету себебі әзірге белгісіз. Дегенмен сарапшылар қоңырау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан түскен болуы мүмкін деп топшылайды. Қай мәселе бойынша жедел араласу қажет болғаны әзірге беймәлім.

Әлназарова баяндама жасап жатқан уақытта премьер-министр қайта залға кірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *