Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді

Фото: milknews.ru

Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Тан Жэньцзянь жемқорлық үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2007 жылдан 2024 жылға дейін түрлі мемлекеттік қызметтерде отырып, лауазымын асыра пайдаланып келген. Осы уақыт аралығында 268 миллион юаньнан (шамамен 38 миллион доллар) астам қаржыны заңсыз иемденген.

25 шілдеде өткен сот отырысында Тан Жэньцзянь кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сот оның мойындауын ескеріп, жазаның орындалуын екі жылға шегерді.

Экс-шенеунік әр жылдары Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары, Ганьсу провинциясы халық үкіметінің төрағасы қызметін атқарған. Бұдан бөлек, ол Қытай ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің партиялық комитетінің хатшысы болған.

Биыл сәуірде оған ресми айып тағылды. Істі Чанчунь халық прокуратурасы қозғаған. Тергеу былтыр қарашада басталып, желтоқсан айында бұрынғы министр қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *