Қырғызстанда 15 жастағы қыз жаңа туған баласын кіреберіске қалдырды

Фото: freepik.com

Қырғызстанның Манас қаласында көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Полицияның мәліметінше, баланың анасы — 15 жастағы қыз.

Жалал-Абад облыстық ішкі істер басқармасына хабар 8 қазанда түскен. Тергеу кезінде қыздың уақытша пәтер жалдап, сол жерде босанғаны анықталды. Кейін ол нәрестені сол үйдің кіреберісіне қалдырып кеткен.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі баланың уақытына жетіп туылғанын мәлімдеді. Ана мен сәби қазір перзентханада, дәрігерлер олардың жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *