Қаскелеңде 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Фото: Pixabay

Алматы облысының Қаскелең қаласында 21 жастағы қызды 20 жастағы жігіт өлтірген, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Полиция оқиғаның болғанын растады. Күдікті жедел іздестіру кезінде ұсталып, өз әрекетін мойындаған.

Алматы облыстық полиция департаменті «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ведомство «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *