«Қара нарықтағы» су үшін 250-ден астам айыппұл салынды

Фото: Yelena Sergiyenko

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда су заңнамасын бұзудың 141 фактісі тіркелді, деп жазады ZontNews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің инспекторлары жүргізген 82 тексерістің нәтижесінде 69 нұсқама беріліп, 254 әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы сомасы 24 миллион теңгеден асты.

Министрлік заңсыз су пайдалану мен оны сатуға қатысты бақылау күшейтілгенін хабарлады. 2023 жылы бассейндік инспекциялар 105 тексеру жүргізіп, 208 құқықбұзушылық анықтап, 149 айыппұл салды. Оның жалпы көлемі 21,4 миллион теңге болды.

2024 жылы тексерулердің саны төрт есеге артып, 439-ға жетті. Сол жылы 1855 құқықбұзушылық тіркеліп, 582 айыппұл салынып, олардың жалпы көлемі 48,4 миллион теңгеге жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *