Қарағандыда «қайырымдылық» жоба түрінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

Фото: Видеодан кадр

Қарағанды облысында «Үміт Самғау» деп аталған қаржы пирамидасы анықталды. Ұйым өз қызметін жалғызбасты аналар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жоба ретінде көрсеткен, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға салған қаражаты үшін 300%-дан 800%-ға дейін табыс уәде еткен. Табыстың көлемі салым мөлшеріне қарай өседі деп сендірген.

Пирамиданы ұйымдастырушылар туыстары мен таныстарының атына тіркелген банк карталары арқылы қаржы жинаған.

Қаржы пирамидасына 400-ден астам адам қатысқан. Жалпы айналым 100 миллион теңгеден асқан. Сот шешімімен күдіктінің пәтері мен көлігіне бұғат қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *