Қарағандыда учаскелік пункттегі қыздың өлімінен кейін үш полицей қызметінен босатылды

Фото: Видеодан кадр

Қарағандыда 23 жастағы қыздың учаскелік пунктте көз жұмуына байланысты үш полицей басшылық қызметінен босатылды, деп хабарлайды ZontNews.kz «Патриот» басылымына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы Михайлов бөлімінің бастығын, оның қызмет жөніндегі орынбасарын және учаскелік инспекторлардың жұмысын қадағалаған тағы бір орынбасарды қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Қарағанды полиция басқармасының бірнеше басшысына сөгіс жарияланды.

Оқиға 29 қыркүйекке қараған түні болған. Майор өзіне таныс әйелді учаскелік пунктке шақырған. Тергеу мәліметінше, ол әйелді бұған дейін де түнгі кезекшіліктер кезінде жұмыс орнына әкеліп жүрген.

30 қыркүйек күні аға учаскелік инспектор қызды диванда өлі күйінде, ал әріптесін жұмыс үстелінде ес-түссіз жатқан күйінде тапқан. Дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалды, ол қазір ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, 36 жастағы майор бұған дейін Теміртау қалалық полициясында тергеуші болып жұмыс істеген, алайда тәртіп бұзғаны үшін учаскелік инспектор лауазымына төмендетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *