Қарағандыда полиция бекетінде көз жұмған қыз ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

Фото: Видеодан кадр

Қарағандыда полицияның тірек пунктінде қаза тапқан 23 жастағы қыздың өліміне байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, учаскелік инспектор танысын жұмыс орнына 30 қыркүйекте емес, бір күн бұрын — 29 қыркүйек кешкісін алып келген. Бұл туралы «Патриот» басылымы жазды.

Бейнебақылау жазбасында олардың ғимаратқа шамамен сағат 23:00-де еркін кіргені көрінеді. Қызды ешкім ұстамаған, ол өз еркімен келген. Дереккөз мәліметінше, майор мен қаза тапқан қыздың арасында жеке қатынас болған, ол бұған дейін де түнгі кезекшіліктер кезінде танысын жұмыс орнына ертіп келген.

Келесі күні, 30 қыркүйекте, полиция қызметкерлері диванда жатқан қыздың денесін тапқан. Ал майор ес-түссіз күйде көрші бөлмеден табылып, ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

«Науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Барлық қажетті ем қабылдап жатыр», — деді травматология қызметінің жағдайлық орталығының жетекшісі Ксения Деревяшкина.

Белгілі болғандай, 36 жастағы полицей бұған дейін Теміртау қалалық полиция басқармасында тергеуші болған. Дисциплинарлық ережелерді бұзғаны үшін ол учаскелік инспектор лауазымына төмендетілген.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полицейлер арасындағы құқықбұзушылықтың көбею себебін түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар 2018 жылы полицейлік бакалавриаттың жабылуымен байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *