Қарағандыда пойызда босанып, сәбиін унитазға тастаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Қарағанды облысында сәбиін пойыздың унитазына тастаған 29 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ZontNews.kz.

Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі түрде ем қабылдау үшін жабық режимдегі психиатриялық стационарға жіберді.

Оқиға сәуір айының соңында Қызылорда – Павлодар бағытындағы пойызда болған. Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан кейін жолсерік әжетханадан қан іздерін байқады. Қанды іздер бір купеге дейін жетіп, сонда қанға боялған төсекте жаңа босанған әйел анықталған. Ол нәрестесін унитазға тастағанын айтқан.

Сарыбел станциясында шақырылған жедел жәрдем әйелдің босанғанын растады. Кейін пойыздан баланың денесі табылды. Сараптама ұл баланың тірі және жетіліп туғанын көрсетті. Оның бас сүйегі сынған, миына қан құйылып, бірнеше ауыр жарақат алған.

Осакаров аудандық сотының мәліметінше, сот «әйелдің әрекеті қоғамға қауіпті болғанымен, психикалық жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз бар» деп шешті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *