Қарағандыдағы учаскелік пунктінде майор мен мерт болған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz өңірлік «Патриот» telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға болған бөлмелердің бірінде жалаңаш қыздың мәйіті жатыр еді, ал екінші бөлмеде полицей ес-түссіз күйде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, майордың жағдайы наркотиктен улану салдарынан болуы мүмкін. Қазір ол реанимацияда жатыр.
«Оқиға орны полиция тарапынан қоршалған. Бас учаскелік инспектор екі бөлмеден денелерді тапқанын айтты. Қызмет орнында нақты не болғаны әзірге белгісіз», – деп хабарлайды арна.
Полиция басшылығы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Оқиға орнына Қарағанды қаласы полиция басқармасының басшысы Шахназар Салин келген. Астанадан ішкі істер вице-министрі де оқиғаны өз көзімен тексеру үшін келіп жатыр.