Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші жаңа орынға көшіріледі

Алматыда академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Satbayev University басты кіреберісінің алдына көшіріледі. Қазіргі тұрған орнына ашық аспан астындағы амфитеатр салу жоспарланған, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты ақпараттық парақшаларда хабарланды.

Аталған жоба шеңберінде Геологтар аллеясы жаңартылып, тұрғындар мен қонақтар үшін жаңа қоғамдық кеңістік құрылмақ. Онда көгалдандырылған аймақтар мен мәдени-ғылыми іс-шаралар өткізуге арналған амфитеатр орналаспақ.

«Бұған дейін Сәтбаев ескерткішінің алынып тасталатыны жөнінде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Алайда ескерткіш тек 50 метр қашықтыққа, университеттің басты кіреберісінің алдына көшіріледі. Бұл шешім мамандардың бағалауынан кейін қабылданды. Жаңа орын ескерткіштің тарихи және нышандық мәнін айқындай түседі», – деп жазды «almatynews_kaz».

Жаңа амфитеатр ғылыми, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған. Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірлеу қолға алынған.

Алайда кейбір алматылықтар ескерткіштің тіпті қысқа қашықтыққа болса да көшірілуіне қарсылық танытып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *