Алматылық «Қайрат» клубы мен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен матчқа билеттер ойынға он күн қалғанда сатыла бастайды, деп жазады ZontNews.kz.
Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.
Ресми сатылым құқығы «Қайрат» клубына тиесілі. Билеттер тек клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы қолжетімді болады.
Баға әзірге бекітілген жоқ. Клуб құны сұранысқа қарай белгіленетінін мәлімдеді. Сондай-ақ шетелдік қонақтарға, оның ішінде УЕФА өкілдеріне арнайы шақыру билеттері дайындалады.
Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді.