«Қайраттың» қауіпсіздік басшысы баланың плакатын жыртты

Фото: Видеодан кадр

Алматыда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойында күтпеген оқиға тіркелді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада клубтың қауіпсіздік қызметінің басшысы Даурен Сарсенбаев жас жанкүйердің қолындағы плакатты тартып алып, жыртып тастағаны көрінеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл әрекет жұртшылықтың наразылығын тудырды. «Неліктен баланың плакатын тартып алып, жыртты? Бұл сіздердің ережелеріңізге сай ма, әлде біз түсінбей отырмыз ба?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Көптеген пікір иелері плакатты баланың өз қолымен жасағанын айтып, күзетшінің қылығын орынсыз деп бағалады. Кейбіреулер тіпті клуб басшылығын Сарсенбаевты қызметінен босатуға шақырды.

Қазіргі уақытта «Қайрат» клубының баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *