Қазір елде 104 ұшақ бар. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында паркқа алты Airbus A320 және бір Boeing 737 MAX 8 қосылды. 2030 жылға қарай әуе кемелерінің санын екі есеге арттырып, 216 бірлікке жеткізу жоспарлануда, деп жазады ZontNews.kz.
Биыл Қазақстан 36 жаңа халықаралық маршрут ашты, ал елге сегіз шетелдік авиакомпания кірді. Ішкі рейстер 61 бағытты қамтиды, аптасына 850-ден астам рейс орындалады.
Әлеуметтік маңызды бағыттарды қолдау үшін тоғыз өңірде 21 субсидияланған маршрут жұмыс істейді. 2025 жылы бұл мақсатқа 6,4 млрд теңге бөлінді. Туристік бағыттарға ерекше көңіл бөлініп отыр – Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа қалалар басымдыққа алынған.