Қазақстан үкіметі Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады

Фото: Үкімет

Қазақстан үкіметі бағаның өсуін тежеу, халық пен бизнесті қолдау мақсатында жаңа кешенді шешімдер бекітті. Бұл шаралар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілді. Сондай-ақ коммуналдық тарифтердің өсуі 2026 жылдың алғашқы тоқсанына дейін тоқтатылды. Барлық жөндеу және жаңғырту жұмыстары белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй беру жоспарланған.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жаңа Салық кодексінен артық шектеулер алынып тасталды. Салық органдарының тексерістері мен камералық бақылау уақытша тоқтатылады.

Жеңілдетілген несие көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, қаражат «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламаларына бөлінеді. Сонымен қатар «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Құрылыс компаниялары үш жыл бойы бағаны көтермеуге міндеттелді.

2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарызын өтеген кәсіпкерлердің өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі. ҚҚС тіркеу шегінен асып кеткен салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы жалғасады. Бұдан бөлек, азаматтарға арналған жеңіл автокөлік сатып алу үшін лизинг тетігі енгізіледі.

Үкімет қабылдаған шаралар халықтың әлеуметтік жүктемесін азайтуға, кәсіпкерлікті дамытуға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *