Қазақстан Қашаганның жаңа бөлігін игеру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

Фото: kmg.kz

Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі Қашаган кен орнының әлі игерілмеген бөлігін дамыту бойынша Exxon Mobil компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қазір кен орнында өндіріс тек шығыс бөлігінде жүзеге асырылып отыр. Егер келіссөздер нәтижелі болса, елдің ең ірі мұнай жобасында өндіру көлемі артуы ықтимал.

Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйене отырып, тараптар Теңіз кен орны бойынша лицензия мерзімін ұзарту мәселесін де қарастырып жатқанын хабарлады. Қолданыстағы келісімнің мерзімі 2033 жылы аяқталады. Қазақстан келісімді ұзарту шарты ретінде жобадағы үлесін көбейтуді ұсынған. Алайда келіссөздер нақты нәтижеге жеткізетініне кепіл жоқ.

Қашаган кен орны 2000 жылы ашылған және соңғы ондаған жылдағы ең ірі мұнай кен табысы болып саналады. Қазір мұнда тәулігіне шамамен 450 мың баррель мұнай өндіріледі. 2026 жылы бұл көлем 500 мың баррельге, ал 2031 жылға қарай 700 мың баррельге дейін ұлғайтылады деп жоспарланып отыр.

Қашаган – әлемдегі ең күрделі мұнай жобаларының бірі. Мұнда теңіздегі қатал климат, жоғары қысым және сероводородтың мол мөлшері өндіріс процесін қиындатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *