Қазақстан ресейлік әнші Акмальдың концерттерін өткізуден бас тартты

Фото: starhit.ru / canva

Ресейлік әнші Акмальдың (Akmal’) Петропавлда өткен концерті кезінде айтқан сөзі әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бейнежазбада көрермен сахнаға көк-сары түсті пакет ұсынады. Пакетте ішімдік болған. Сол сәтте әнші «Мына пакетті өртеп жіберіңдер, түсі ұнамай тұр» дейді.

Бұл сөз залда күлкі туғызғанымен, желі қолданушылары мұны қалжың ретінде қабылдамады. Пайдаланушылар пакеттің түсі Қазақстан туының реңіне ұқсайтынын айтып, мұны ұлттық рәміздерге құрметсіздік деп бағалады.

Әлеуметтік желіде ашулы пікірлер көбейді: «Оған біздің туымыздың түсі ұнамай ма? Онда неге Қазақстанда концерт қояды?» деп жазғандар болды.

Бірақ кейбір қолданушылар әншіні қорғаштап, оның сөзі саясатқа қатысы жоқ, тек сәтсіз әзіл болғанын айтты.

Дауылдан кейін Қазақстандағы Акмальдың алдағы концерттері тоқтатылды. Қостанай, Өскемен және Павлодардағы концерт залдары түрлі техникалық себептерді алға тартып, шараны өткізуден бас тартты.

Акмаль Абдулхалитович Ходжаниязов — Ресейлік музыкант, ұйғыр ұлтынан, Түрікменстанда туған. Ол «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» әндерімен танымал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *