Халықаралық валюта қорының дерегіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша посткеңестік кеңістікте бірінші орынға шықты, деп жазады ZontNews.kz.
Бұл көрсеткіш 14,77 мың АҚШ долларын құрады. Ресейде бұл көрсеткіш 14,26 мың доллар болса, Қытайда — 13,69 мың доллар.
ТМД елдерінің алғашқы үштігін 13,34 мың долларлық көрсеткішпен Түрікменстан түйіндеді. Одан кейін Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Әзербайжан, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан орналасқан.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан өңірдегі ең ірі экономиканы да артта қалдырып, ЖІӨ-нің тұрақты өсімін көрсетуде.