Қазақстандық төлқұжаттың жаңа үлгісіне қар барысының бейнесі енгізіледі, деп жазады ZontNews.kz.
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Аленовтың айтуынша, құжаттың қорғану деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қазір еліміздің азаматтары визасыз 43 мемлекетке бара алады. Қазақстандық төлқұжат халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді, қажетті қорғану элементтерімен жабдықталған. Қазір біз қосымша қорғану деңгейлерін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді ол.
Министрлік ұсынған жобада құжат бетіне қар барысының бейнесі орналастырылатыны көрсетілді. Бұл бейне мемлекеттік рәміздерде, спорттық клубтар мен ұйымдардың таңбаларында кеңінен қолданылады.
Еске салайық, биыл мамырда Қазақстанда жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу мен жаңарту тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Ішкі істер министрлігі жаңа құжат ресімделген кезде бұрынғысын бірден алып қоюды ұсынған. Министрлік мұны жарамсыз құжаттардың қайта пайдаланылу деректерінің көбейгенімен түсіндірді. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер тек төлқұжаттарға қатысты қарастырылып жатыр.