Қазақстанда мұғалімдер аттестациясы енді тек онлайн өтеді

Фото из открытых источников

2024–2025 оқу жылында қазақстандық педагогтар алғаш рет аттестацияны ұлттық «Ұстаз» платформасы арқылы онлайн тапсырады, деп жазады ZontNews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, жүйе мұғалім туралы деректерді – жұмыс орны, еңбек өтілі, білімі мен жетістіктерін – мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктейді. Бұл қағазбастылықты жойып, процесті барынша ашық етуге мүмкіндік берді.

Қалай жұмыс істейді:

  • Сабақтарды сарапшылар бақылап, нәтижені электрондық парақтарға енгізеді.
  • Мәліметтер педагогтың жеке профиліне тіркеліп, ЭЦҚ арқылы расталады.
  • Кәсіби жетістіктер бөлек модуль арқылы белгіленеді.

Қазір жүйеде 635 мыңнан астам педагог тіркелген. Олардың ішінде 94 мыңнан астамы «Педагог-модератор» және «Педагог-эксперт» санаттары бойынша аттестациядан өтуде.

66 мың мұғалім бойынша қорытынды жасалды, бұл қатысушылардың 71%-ына тең. Алдағы уақытта платформаға басқа да біліктілік санаттары қосылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *