Қазақстанда мемлекеттік марапаттау тәртібі жаңартылды

Фото: gov.kz

Президент мемлекеттік наградаларға кандидатураларды қарау ережелеріне өзгерістерді бекітті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.

Жаңартылған нұсқауда марапаттау құжаттарын рәсімдеу тәртібі мен үміткерлердің еңбегін бағалау критерийлері нақтыланды. Атап айтқанда:

  • Марапаттау парақтарын толтыру талаптары күшейтілді. Енді онда үміткердің еңбек жолы, мемлекет пен елге сіңірген еңбегі, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан қылмыстық құқықбұзушылықтары туралы мәлімет міндетті түрде көрсетіледі. Кей жағдайда ішкі істер органдарынан мінездеме қоса беріледі.
  • Көпбалалы аналарды марапаттау шарттары реттелді. Жаңартылған тәртіп бойынша марапат тек Қазақстан азаматтығы бар көпбалалы аналарға беріледі. Құжатқа басқа мемлекет азаматтығын алған балалардың төлқұжат көшірмелері мен фотосуреттері қоса тіркелуі тиіс.
  • Мемлекеттік наградалардың қосалқы үлгілерін дайындауда қымбат металдар қолданылмайды.
  • Мемлекеттік наградаларға құқықты қалпына келтіру уәкілетті органдардың бастамасымен, растайтын құжаттар мен сот актілері болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Министрлік бұл өзгерістер мемлекеттік марапат жүйесін жүйелеуге және қоғамның оған деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *