Алматы облысындағы Үлкен ауылында алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми басталды. Жобаны «Росатом» корпорациясы жүзеге асырады, деп жазады ZontNews.kz.
Балқаш көлі жағасында өткен ресми шараға Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв, энергетика министрлігінің өкілдері, студенттер және жергілікті тұрғындар қатысты.
Сәтқалиев пен Лихачёв құрылысқа ресми түрде бастама беріп, арнайы тетікті басу арқылы жобаның басталғанын жариялады.
Қазақстан аумағында өз ядролық отынын өндіретін болады. Жоспарға сәйкес, салынып жатқан АЭС осы отынмен жұмыс істейді.
Алдын ала есеп бойынша, атом электр станциясының құрылысына 14 миллиард доллар шамасында қаржы қажет.