Ғарыштан оралған Данна Қарағұсова сын айтқандарға үн қатты

Фото: IG/ @dannakar

Ғарыштан оралған қазақстандық турист Данна Қарағұсова әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір жазғандарға жауап берді. Ол алдымен қолдау білдірген адамдарға алғыс айтып, кейін сын айтқандарға да үн қатты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Данна — 43 жастағы кәсіпкер. Оның компаниясы биыл елде өткен ең ірі концерттерді ұйымдастырған: 50 Cent, Дженнифер Лопес және Backstreet Boys. Ол бизнес саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келеді.

«Маған қуанып, жылы лебіз білдірген барша адамға алғыс айтам. Сендер — жаңа дәуірдің өкілдерісіңдер, жарықты өз айналасынан әрі көре білетін жандарсыңдар. Бұл — мықтыларға тән қасиет. Ал сынап, жамандауды таңдағандарға тек жақсылық тілеймін. Себебі әр айтылған сөз өзімізге қайтады. Өзіңді сақта», – деп жазды Қарағұсова Instagram парақшасында.

Данна Қарағұсова Қазақстан тарихында ғарышқа ұшқан алғашқы әйел атанды. Ол Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен суборбиталық сапар жасап, NS-36 миссиясына қатысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *