Юрий Дудь Қазақстанға әзірге бара алмайтынын айтты

Фото: TG/ yurydud

Ресейлік журналист Юрий Дудь қазіргі уақытта Қазақстанға бара алмайтынын айтты. Бұл туралы ол блогер Әлішер Елікбаевқа берген қысқа сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Елікбаев Дудьпен Мадейрада кездесіп, сұхбатты өз Instagram парақшасында жариялады. Әңгіме барысында ол неге Дудьтың YouTube жобасында қазақстандық кейіпкерлер соңғы уақытта көрінбей кеткенін сұрады.

«Қазір Қазақстанға келе алмаймын. Маған Ресейде қылмыстық іс қозғалған, сондықтан Қазақстан мені экстрадициялауы мүмкін. Мен үшін кейіпкерлерді өз елінде түсіру маңызды, бірақ әзірге бұл мүмкін емес. Қазақстан халқына, ондағы достарыма деген құрметім зор, бірақ олармен әзірге бейтарап жерде ғана кездесіп жүрмін», — деді Юрий Дудь.

Сұхбат соңында Елікбаев журналистке қысқа сауалнама қойып, оның қазақстандық кейіпкерлері қатысқан бағдарламаларын еске салды.

Юрий Дудьке қатысты қылмыстық іс биыл шілдеде қозғалды. 22 шілдеде Мәскеу соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, іздеу жариялаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *