АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп экс-президент Джо Байденнің ұлы Хантер Байденнен өзіне қатысты айтқан сөздерін ресми түрде теріске шығаруды талап етті.
Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасаған ZontNews.kz хабарлады.
Ол Хантердің өзін қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланыстырғанын «жала» деп атады.
Хантер Байден бір сұхбатында Эпштейн Меланияны Дональд Трамппен таныстырғанын айтқан. Меланияның адвокаты бұл мәлімдемелерді «шындыққа жанаспайтын, әрі қаржылық және беделіне айтарлықтай нұқсан келтірген» деп мәлімдеді.
Дональд Трамп та жұбайының бір миллиард доллар талап етіп, сотқа жүгінуін қолдады. Ол Эпштейннің олардың таныстығына «еш қатысы болмағанын» атап өтті.
Джеффри Эпштейн 2019 жылғы шілдеде кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды. Бір айдан кейін ол түрме камерасында өлі күйінде табылды.