2025 жылғы 23 шілдеде сағат 17:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады ZontNews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде, ел аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді. Жер сілкінісінің күші келесі орындарда байқалды:
4 балл:
- Көкпекті (Абай облысы)
- Самар (ШҚО)
- Қалбатау (Абай облысы)
- Қасым Қайсенов (ШҚО)
- Өскемен (ШҚО)
3 балл:
- Глубокое, Күршім, Алтай, Риддер, Үлкен Нарын, Шемонайха (барлығы ШҚО)
- Ақсует (Абай облысы)
2 балл:
- Бородулиха, Аягөз, Семей, Қарауыл, Үржар, Жоламан, Мақаншы, Бесқарағай (Абай облысы)
- Ақжар, Катонқарағай, Боран, Марқакөл, Зайсан (ШҚО)
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қирандылар туралы нақты мәлімет жоқ.