Шымкент ауруханасында орын жетпей, науқастар дәлізде жатты

Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі жұқпалы аурулар бөлімінде науқастардың дәліз еденінде матраспен жатқанын көрсететін видео тарады. Оқиғадан кейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Басқарманың хабарлауынша, жағдай дүйсенбі күні таңертең реттелген. Ведомство өкілдері орын тапшылығын эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуімен және аурухананың екі бөлімінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен байланыстырды.

«Қажетті ұйымдастырушылық шаралар жедел қабылданды. Барлық науқас санитарлық талаптарға сай палаталарға орналастырылды», – деп хабарлады Шымкент әкімдігі.

Басқарма қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қауіпсіз әрі талапқа сай екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *