Шымкентте әйелге зорлық көрсеткен ер адам ісін жасыруға тырысқан

Фото: Рixabay

Шымкентте әйелге жыныстық зорлық көрсетіп, дене жарақатын салған ер адамға қатысты іс бойынша прокуратура әзірге шара қабылдамай отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Адвокат Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында істің баяу тергеліп жатқанын жазды. Оның айтуынша, жәбірленуші ауыр соққы алған, бірақ сот-медициналық сараптама жарақатты «жеңіл» деп таныған.

Адвокат кешенді қайталама сараптама тағайындау туралы өтініш берген, алайда тергеуші өтінішті қабылдамаған. Ол прокуратураның да шағымдарға назар аудармай отырғанын айтты.

«Азаматшаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Жәбірленушіде айтарлықтай дене жарақаты бар екені анықталды. Бірақ алғашқы сараптама оны жеңіл жарақат ретінде бағалаған. Біз бұл қорытындымен келіспейміз және комиссиялық сараптама тағайындауды сұрадық. Алайда тергеуші өтінішті қанағаттандырмады», – деді Орынбек.

Адвокат істің әділ тергелмей жатқанын айтып, «жәбірленушіні емес, қылмыскерді қорғап жатқан сияқты» деп жазды.

Полиция департаменті оқиғаның 12 қыркүйекте болғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазір алдын ала тергеу жүріп жатыр. Қосымша тергеу әрекеттері дәлелдемелер базасын толықтыруға бағытталған», деп мәлімдеді полиция.

Күдікті қазір қамауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *