Шымкентте Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті

Шымкент қаласындағы А. Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру».

Басқосуда кітапхана қызметін заңнамалық тұрғыдан жетілдіру, өңірлік тәжірибелерді тарату және Шымкентті «оқитын қала» ретінде дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік зерттеулерді енгізу, халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату және жас мамандарды кәсіби даярлау жолдарын қарастырды.

Қазақстан кітапханалар одағының төрағасы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітапханаларды цифрландыру, салалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және отандық әдебиетті қолдау бағытында нақты ұсыныстар айтты. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Әбусайылқызы Шымкенттің «оқитын қала» ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, жиында көпшілік кітапханалардың жұмысын әлеуметтік зерттеулер негізінде бағалау, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру, халықаралық тәжірибеге сүйенген үздіксіз оқыту үлгілері сөз болды.

Түстен кейін секциялық мәжілістер жалғасын тапты. Онда құқықтық база, «Оқитын Қазақстан» жобасы, жергілікті авторларды қолдау, сондай-ақ жасанды интеллект, экология және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қызмет көрсету мәселелері талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *