Шымкентте мешіт өртке оранды

Фото: Видеодан кадр

21 қыркүйек күні күндіз Шымкенттің Саттарханов көшесіндегі мешіттің шатыры өртенді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

ТЖМ дерегінше, қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, шатырдың ағаш құрылымдарын ашып, өртті сөндірген.

«Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шыққан жерде 2012 жылы салынған Абу Райхан Бируни мешіті орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *