Абай ауданындағы «Марокко» кафесінің жанында жаппай төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа шамамен 50 адам қатысқан, деп жазады ZontNews.kz.
Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ашулы топтың жол бойында қақтығысқаны көрінеді. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына бірнеше патрульдік көлік келген.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, төбелес 2025 жылғы 16 тамызда болған. Қақтығысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаға қатысқан адамдардың барлығы анықталып, ұсталды. Полиция қызметкерлері мән-жайды толық анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады қала полиция департаменттің баспасөз қызметі.
Тергеу аяқталған соң оқиғаға қатысқандардың әрекетіне заң аясында баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.