Шымкенттегі әкімдік ғимаратында өрт болды

Фото: пресс-служба ДСЧ Шымкента

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігі ғимаратында өрт шықты, деп жазады ZontNews.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын шамамен 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт туралы хабар Тәуке хан даңғылы, 3 мекенжайы бойынша сағат 03:19-да түскен. Жалын әкімдік ғимаратының шатырынан шыққан. Ол 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Оқиға орнына 21 өрт сөндіру техникасы, 88 құтқарушы, апат медицинасы қызметінің мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, «от пен қою түтін алыстан көрінген». Оқиға сәті түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тез тарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *