Шерхан Қалмырзаға жаңа көлік сыйға берілді

Фото: IG / Ұлықбек Шәріпов

Shoqansuits компаниясының директоры, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға автокөлік тарту етті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сыйлықты көрген сәтте қақпашы сенерін білмей, «қойыңызшы» деп қайталай берді.

«Бұл – сенің көлігің. Шынымен айтып тұрмын. Компаниямыздың шағын сыйы. Бізге үлкен қуаныш сыйладың. Ең бастысы, тоқтама. Ел сені қолдайды», – деді Шәріпов.

Ол жас спортшыға Exeed көлігінің кілтін табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *