Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Полат ісінде аталған екі қыздың куәгер мәртебесінде қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұған дейін сот «жалған куәлік берді» деген күдікпен олардың ісін жеке өндіріске жіберген еді. Бұл шешімнен кейін қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген болжамдар болған.
Алайда министрдің айтуынша, тексеріс қорытындысы бойынша олар куәгер ретінде қалды.
«Ауыр қылмыс жасалды. Қылмыскерлер сол кезде ұсталды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ал сіз атаған азаматшалар тексеруден өтті. Олар куәгер ретінде қалды», — деді Сәденов.