Шерзат Полат ісі: Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады

Фото: IG/ justice_for_sherzat

Алматы облыстық сотында 16 жасар Шерзат Полатқа қатысты сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Сот процесін Досымбек Қалдырбек, Марина Мұсабекова және Ербол Құтпанбаевтан тұратын судьялар алқасы жүргізді.

«Сот үкімінде барлық дәлелдерге тиісті баға берілді, сотталғандардың іс-әрекеттері толық зерттеліп, оларға заңды әрі әділ жаза тағайындалды. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалады. Азаматтық талап-арыз бойынша да сот дұрыс шешім қабылдады. Моральдық шығын әр істің мәніне сай белгіленеді, сондықтан оның мөлшері заңды», – деді cот төрағасы Досымбек Қалдырбек.

Сонымен қатар Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Юлдаш Розбакиев және Арлан Қазыкеновке қатысты бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысы да өзгеріссіз қалды. Алдағы уақытта аталған төрт куәгердің іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар ма, жоқ па, соны тергеу анықтайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *