«Шалқарда чики-чики» сөзімен танылған шенеунік жаңа қызметке келді

Фото: Ақ Жайық

Шалқар ауданы әкімінің өкімімен Аян Қорқытұлы аудан әкімінің орынбасары қызметіне келді, деп жазады ZontNews.kz.

2015 жылы ол Шалқар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарып жүргенде әлеуметтік желіде айтқан сөзімен көпшілікке танылған.

Сол жылы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында қала жолдарының жағдайы туралы сұраққа:

«Бұл жылы мүлде ақша жоқ. Әйтеке би көшесін жөндеуге бөлінген қаржыны қайтарып алды. Қысқасы, ақша жоқ. Дәл осылай жаз, басыңды ауыртпа» – деп жауап берген.

Сұхбат соңында айтқан «Шалқар чики-чики» деген сөзі интернетте кең тарап, оны елге танытты.

Осыдан кейін тәртіптік кеңес «мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзды» деп айыптап, қызметіне толық сәйкес емес деген қорытынды шығарды. Кеңес мүшелері «қызметкер көпшілік алдында мәдениетті сөйлеуі тиіс» деп атап өтті.

Кейін Қорқытұлы камераның қосылып тұрғанын білмегенін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *