ХҚКО қызметкері мемлекетке 3,7 млрд теңге залал келтірді

Скриншот видео

Ресейден Қазақстанға шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 2022–2023 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында маман болып қызмет атқарған. Ол автокөлік иелерін тауып, ақпараттық жүйеге алғашқы тіркеу алымының төленгені туралы жалған мәліметтер енгізген.

Нәтижесінде 481 жүк көлігі заңсыз тіркеліп, мемлекетке 3,7 миллиард теңге мөлшерінде залал келген.

Қылмыстық схема әшкереленгеннен кейін күдікті елден қашып, халықаралық іздеуге берілді. Биыл наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Бас прокуратура шетелде жасырынып жүрген күдіктілерді іздестіру және оларды елге қайтару бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *