Чехиялық саясаткер Джамиля Стехликова Exclusive басылымының журналисі Мерей Сүгірбаеваға берген сұхбатында Қазақстанға Кремльдің ықтимал қауіптері туралы пікір білдірді, деп жазады ZontNews.kz.
Сарапшының сөзінше, егер Украинаға қарсы күштер жеңіске жетсе, Мәскеу назарын Қазақстанға аударуы мүмкін. Стехликова Қазақстандағы кейбір қауымдастықтарды «ждуны» деп сипаттап, оларды Ресей ықпалына сезімтал деп бағалады.
«Әлемнің кез келген жерінде проресейлік көзқарастағы адамдар бар, – дейді ол. – Қазақстанда әлі де Кеңес Одағына ностальгия күшті, ал “күткіштер” империялық оймен уланған. Бұл Мәскеудің болашақтағы дестабилизация әрекеттері үшін қолайлы орта болуы мүмкін. Егер Путин Украинамен есептессе, Қазақстан келесі мақсатқа айналуы ықтимал».
Сарапшы Кремль бұрын қолданған сценарийді қайта қолдануы мүмкін деп ескертті: тіл мен азшылықтар мәселесін ушығытып, қақтығыстар туғызу.
«Ең нашар сценарий – Қазақстанды Путин мен Си Цзиньпин бөлісуі. Солтүстік аймақтардағы жағдайды сылтау етіп, қақтығыс туғызу. Бірақ бүгінгі Қазақстан дамудың сондай деңгейіне жетті, Ресейдің орбитаға қайта тартуы мүмкін емес», – деді Стехликова.
Трамп туралы пікірінде ол АҚШ бұрынғы президентін сынға алды.
«Бұл адам эмоциямен әрекет ететін, өзін жоғары бағалауға құштар тұлға. Ол Путиге қарсы сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде оның мүддесіне қызмет етеді. Украина тағдырын өзінің абыройы мен Кремльмен келісімдер үшін құрбан етуге дайын».
Қазақстандағы ішкі қауіптерге де назар аударған Стехликова:
«Бұл – Кеңес Одағыны сағынып, империялық идеямен уланған адамдар. Олар ұлттық және қазақтық құндылықтарды төмен санайды. Мұндай топтар Путин ықпалын кеңейтетін орта болуы мүмкін».
Сарапшының пікірінше, қазіргі таңда Украинадағы батыл қарсылық қана Ресейдің Қазақстанға бағытталған жаңа қадамдарын тежеп отыр.