Әлеуметтік желіде ер адамның өз әкесін аяусыз соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады. Осы оқиғадан кейін Түркістан облысында қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ZontNews.kz.
Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ІІМ атап өткендей, «тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды».