Түркістанда ұлы анасына бауырын беріп, оның өмірін сақтап қалды

Фото: gov.kz

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында екінші рет бауыр ауыстыру отасы сәтті өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

54 жастағы әйелдің жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер оның диагнозын MELD жүйесі бойынша 26 балл деп бағалаған. Бұл көрсеткіш бауыр циррозының ауыр сатысын білдіреді. Пациент бірнеше жыл бойы гастроэнтерологтың бақылауында болып, ұзақ ем қабылдағанымен, жағдайы тұрақтанбаған.

Науқастың 24 жастағы ұлы өз еркімен анасына донор болуға келіскен.

Күрделі операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бірлесе өткізді.

Мамандардың айтуынша, отаның сәтті өтуіне ұлдың дер кезінде қабылдаған шешімі мен хирургтардың үйлесімді жұмысы әсер еткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *