Түркістанда есірткіге қарсы басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Фото: gov.kz

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары есірткі сақтады және сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіні Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік департаменті ұстаған. Тергеу кезінде оның пара алғаны жөнінде де деректер тіркелді. Бұл туралы адвокат Талғат Есімов хабарлады.

Адвокат «ІІМ құрамындағы есірткі қылмысына қарсы бөлімшелерді таратып, олардың функцияларын ҰҚК-ге беру қажет» деген пікір білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *