Түркияда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

27 қазан кешке Түркияның батыс бөлігінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Зілзаланың эпицентрі Балыкесир провинциясында, шамамен алты шақырым тереңдікте орналасқан. Сілкініс дүмпулері Ыстамбұл, Измир және басқа қалаларда да сезілді.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар пәтерлерінен жүгіріп шығып, баспалдақпен түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес, кейбір ғимараттар қираған, электр және су желілерінде үзіліс болған. Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеуде.

Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Балыкесирдегі мектептер бір күнге жабылды, ал оқу орындары, мешіттер мен спорт залдары уақытша паналау орнына айналды. 112 жедел көмек орталығына 500-ден астам хабарлама түскен, оның 25-і — құрылыс нысандарының зақымдануы туралы.

Президент Режеп Тайып Ердоған билік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және зардап шеккен тұрғындарға көңіл айтқанын жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 19 адам жараланған, төртеуі ауруханадан шығарылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *