10 тамызда Түркияның Балыкесир қаласында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан бірнеше ғимарат қирап, алты адамды құтқарушылар үйінді астынан шығарды, деп жазады ZontNews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 81 жастағы қала тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Барлығы 29 адам жараланған.

Ресми деректерге қарағанда, жараланғандардың ешқайсысының жағдайы ауыр емес. Аймақта 16 ғимарат қираған, оның 12-сі бос тұрған.

Балыкесир әкімдігі 11 тамызда жазғы мектептердің бір күнге жабылатынын хабарлады. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жүкті әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге әкімшілік демалыс берілді.

Жер сілкінісі Ыстамбұлды қоса алғанда, Түркияның 11 өңірінде сезілді. Төтенше жағдайлар басқармасы жүзден астам кейінгі дүмпу тіркелгенін, қайталама сілкіністердің әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *