АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездест, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Келіссөз кезінде Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапештте өтуі тиіс кездесуді тоқтатқанын мәлімдеді. Ол мұны «нәтиже бермейтіндігімен» түсіндірді.
Трамптың айтуынша, Путинмен әр келіссөзден кейін жақсы әсер қалатынына қарамастан, нақты ілгерілеу жоқ. «Қажетті нәтижеге жете алмайтынымызды түсіндім. Владимирмен сөйлескен сайын жақсы әсер аламын, бірақ іс жүзінде ештеңе өзгермейді», деді ол.
Трамп сондай-ақ мұндай кездесу болашақта өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Осы уақытта АҚШ Қаржы министрлігі «Роснефть», «Лукойл» және олардың еншілес компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізгенін хабарлады. Ведомство бұл шешім Ресейдің бейбіт келіссөздерге «шын ниет білдірмеуімен» байланысты екенін мәлімдеді.
Трамп санкцияларға қатысты құжатты өз парақшасында жариялады.

